Қазақстанның барлық өңірлерінің ауылдық кітапханаларына кітаптарды жинау және жеткізу 2021 жылғы 16 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Акцияға қатысуға бастамашыл топтар, коммерциялық ұйымдар және балаларды оқыту мәселелеріне бей-жай қарамайтын барлық адамдар шақырылады.
Қажетті кітаптардың сипаттамасы:
Жанры – қазіргі заманғы балалар және жастар әдебиеті;
Форматы – қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда;
Тілдері - қазақ, орыс және ағылшын.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған үстел ойындарын да ұсынуға болады. Акцияның мақсаты - шалғайдағы елді мекендерде тұратын өскелең ұрпақтың бойында оқу мәдениетін ілгерілету және ауыл мектептерінің кітапхана қорын кеңейту арқылы жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.
Электронды форматтағы кітаптар jakupova@cisc.kz поштасына жіберуге болады.