![Бердібек Сапарбаев Елдос Сметовке автокөлік сыйлады](/media/2021/08/18/fe08c0f4-644f-4bb9-b808-febf883fde69.jpeg)
Кездесуде аймақ басшысы спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, ол тек Жамбыл облысының ғана емес, еліміздің намысын абыройлы қорғап, мерейін тасытып жүргенін айрықша атап өтті.
Сондай-ақ облыс әкімі Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілтін табыстап, алдағы уақытта да ел спортын дамыту жолындағы еңбегіне сәттілік тіледі. Ал, жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.