Коронавирус • 18 Тамыз, 2021

Қазақстанда түрмедегілермен кездесуге тыйым салынды

1112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрме азаматтар тығыз шоғырланған аймақ. Бұл территорияда вирустың таралу жылдамдағы да жоғары. Сондықтан Қазақстанның «қызыл аймақтағы» өңірлеріндегі түрмелерінде, COVID-19-ға байланысты, тұтқындармен жақындарының жолығуына шектеу қойылатын Қаулы қабылданды, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда түрмедегілермен кездесуге тыйым салынды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінде айтылғандай, коронавирустық инфекцияның жаңа штамдарының пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін түзету мекемелерінде карантиндік шаралар қатаң сақталуда.

Комитеттің баспасөз қызметі темір тордың арғы жағындағыларға туысқандарымен байланысу үшін телефон арқылы сөйлесулер мен бейнеконференциялар ұсынылатынын атап өтті.

«Қаулыдағы шектеулер конвойға (тасымалдауға) жататын сотталған мекемелердің жеке құрамына қолданылмайтыны ескерілді. Сонымен қатар вакцинацияның толық курсын алған жағдайда қауіпсіздігі шектеулі мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мекемеден тыс орынға жұмыс істеуге жіберіледі.

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған сайын ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер қайта басталады», деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.