Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде 10 мың доза Спутник V вакцинасының ІІ компонентіне арналған. Ал, Vero Cell вакцинасының екі компноненті үшін 10 мың доза келді.
«Жақын күндері вакцина дозалары егу бекеттеріне таратылады. Қазір Sinopharm компаниясы шығарған Vero Cell вакцинасының І компонентін Атырау қаласындағы №1,2,3,4,5,7 емханалары мен «Геолог» емханасында, сондай-ақ өңірдегі 7 аудандағы орталық ауруханаларда да аталған вакцинаны салдыруға болады. Ал, Спутник V өңірдегі барлық емханада бар», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.