Теннис • 18 Тамыз, 2021

Үш спортшымыз үстел теннисінен Австрия чемпионатына қатысады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының үш өкілі Австрия чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш спортшымыз үстел теннисінен Австрия чемпионатына қатысады

ҰОК жазуынша, 5 қыркүйекте Австрия чемпионаты басталады.

Чемпионатқа қатысатын Badener AC құрамасының қатарында үш қазақстандық бар. Олар: Айдос Кенжеғұлов, Бақдәулет Әкімәлі, Искандер Харки.

Құрама - 1924 жылы құрылған Еуропадағы ең көне клубтардың бірі