Қазақстан • 18 Тамыз, 2021

Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 17.00-де Алматыға Ауғанстаннан 42 жолаушыны эвакуациялаған ұшақ қонды. 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері елге оралды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді

Одан басқа, осы бортпен Қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды.

Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды.

«Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүддесі мен құқығын қорғайды», деп жазады ҚР Қорғаныс министрлігі.