Қазақстан • 18 Тамыз, 2021

Қазақстандағы Ауғанстан елшілігі қызметін тоқтата ма?

1125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі Ауғанстан мемлекетінің елшілігі жұмысын торқтатпайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы Ауғанстан елшілігі қызметін тоқтата ма?

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстандағы Ауғанстан елшілігі өз қызметін жалғастырып жатқанын хабарлады.

«Қазақстан аумағындағы Ауғанстан азаматтары еліне оралуға қатысты сұраққа жауапты елордадағы өз елшіліктерінен біле алады. Азаматтар жүгінген жағдайда Қазақстандағы Ауғанстан елшілігі мәселені біздің құзырлы органдармен бірлесіп қарастырады. Ал Қазақстан аумағында ресми қызмет етіп немесе білім алып жатқан ауған азаматтары жұмысы мен оқуын жалғастыра береді», деп жауап берді А. Смадияров.

Министрлік өкілі Ауғанстандағы мәселеге қатысты сұрақтардың жауабын елшілік қызметкерлерінен білуге болатынын айтты.