Оқиға • 19 Тамыз, 2021

Сіріңке қорабына есірткі сақтаған жетісайлық ұсталды

57 рет көрсетілді

Түркістан облысында ер адамнан 840 түп және 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді, деп хабарлайды  Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жетісай аудандық полиция бөлімінің полицейлерімен бірге есірткі егістігін анықтап жойды.

Полицейлерге Жетісай ауданында жергілікті тұрғынның бірі өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егіп-өсірумен айналысады деген хабарлама түседі. Ақпарат алысымен полицейлер бірден хабарламаның шынайылығына көз жеткізу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жетісайлық полицейлердің жан-жақты тексеру жұмыстары нәтижесінде үйінің ауласының артқы жағында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген жергілікті тұрғынды ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктінің ауласынан айғақты зат ретінде 840 түп өсіп тұрған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, хош иісті өсімдікті тәркіледі.

Сонымен қатар тұрғынның учаскесінен кептіріп жайып қойған тағы да 289 дана сіріңке қорабына салынған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, хош иісті есірткі затының жапырақтары алынды.

1

Жетісай аудандық полиция бөлімінде аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған ірі мөлшердегі өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақты зат ретінде алынған есірткіге сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген түптердің «сора», ал сіріңке қорабындағы есірткі затының, «кептірілген марихуана» екені расталды.

Ал күдікті ер адам қамауға алынды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Киногерлер ағаш отырғызды

Қоғам • Бүгін, 09:17

Үшінші алтын қоржында

Спорт • Бүгін, 09:07

Кене шағудың кесапаты

Қоғам • Бүгін, 09:05

Саладағы сары уайым

Қоғам • Бүгін, 09:02

«Акула» мансабын аяқтайды

Спорт • Бүгін, 09:00

Мықтылардың біразы ұтылды

Спорт • Бүгін, 08:57

Жыр арқауы – «Қанатты қыз»

Аймақтар • Бүгін, 08:54

Үшінші кезеңнен үміт зор

Экономика • Бүгін, 08:40

Харьков қақтығысы

Әлем • Бүгін, 08:39

Шикізатқа зәрулік басым

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Серпінді іске сенеді

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Берекеге бастар бес бағыт

Референдум-2022 • Бүгін, 08:28

Референдум өткізуді қолдайды

Референдум-2022 • Бүгін, 08:25

Сайлаушылармен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Өзгерістер үлкен маңызға ие

Референдум-2022 • Бүгін, 08:17

Ұқсас жаңалықтар