Аймақтар • 19 Тамыз, 2021

Атырауда 4 мыңға жуық бала коронавирус инфекциясын жұқтырған

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда былтырдан бері 4 мыңға жуық бала коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 4 мыңға жуық бала коронавирус инфекциясын жұқтырған

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айсұлу Досқалиеваның мәліметінше, бұл – былтырғы 28 наурыз бен биылғы 17 тамызға дейін тіркелген дерек.

«Облыста 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3 839, жасөспірімдер арасында 1 242 жағдайы тіркеліп отыр. Қазір қауіпті вирустың таралуына байланысты ең жоғары көрсеткіш Атырау қаласы мен Жылыой ауданында, сондай-ақ Теңіз кен орнында байқалды. Өткен аптамен салыстырғанда коронавирусқа шалдығу көрсеткіші 1,1 есеге артты», дейді Айсұлу Досқалиева.