Ағаштарды елді мекендердің бойына, негізінен Наурызбай мен Алатау аудандарындағы Алғабас, Шұғыла және тағы басқа тұрғын кешендерінің айналасына отырғызу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар магистральды көшелердің – Рысқұлов, Абай, әл-Фараби даңғылдарының, Тимирязев көшесінің бойына отырғызылады.
Үй жанындағы аулаларды көгалдандыру үшін тұрғындармен дәстүрлі «Жасыл аула» акциясы өтеді. Барлығы 300 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Айта кетерлігі, көктемде 64,5 мың ағаш отырғызылды.
Жасыл желекті күту үшін скважина жасалып, суару жүйесі тартылды. Ағаштардың 80%-ы автоматты жүйенің арқасында суарылады.
«Жасыл Алматы» акциясы аясында «Сосновый» скверінде, «Западное» зиратының бойына, Б. Момышұлы көшесінің бойына 176 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.