Оқиға • 19 Тамыз, 2021

Қызылордада үйінің ауласында 1 мың түп сора өсірген тұрғын ұсталды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада тұрғыннан жалпы салмағы 320 келіден асатын 1089 түп сора өсімдігі және төрт келіден асатын марихуана есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада үйінің ауласында 1 мың түп сора өсірген тұрғын ұсталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 48 жастағы тұрғыны есірткінің заңсыз айналымымен айналысқаны үшін ұсталды.

Оның тұрғылықты мекенжайының ауласына қарап-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында әрқайсысы 3-4 метр биіктікке дейін өсіріліп, бапталған мың түптен аса сора өсімдігі анықталды.

Одан бөлек сора өсімдігін кептіріп, дайындалған 2 қапқа және көлемі 5 литр болатын 5 дана пластикалық ыдысқа нығыздалып, салынған өзіне тән ерекше хош иісі бар есірткі затына ұқсас шөп ұнтақтары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Тағайындалған сараптаманың қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 320 келіден асатын 1089 түп сора өсімдігі және 4 келіден асатын марихуана есірткі затына жататынын бекіткен.