Аймақтар • 19 Тамыз, 2021

Павлодарда тоққа қосылған смартфоннан өрт шықты

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зарядтағышқа қосылған телефон Павлодар қаласының коттедждерінің бірінде өрттің шығуына себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда тоққа қосылған смартфоннан өрт шықты

Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт туралы хабарлама бүгін таңғы сағат 10:20-да келіп түсті. Өрт Нұркин көшесіндегі жеке тұрғын үйдің екінші қабатындағы бөлмені қамтыды.

Оқиға орнына ТЖД-нің 5 техникасы мен 16 қызметкері, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының бригадасы шықты. Сағат 11-ге қарай құтқарушылар өртті сөндірді. 20 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздары өртеніп кеткен.

Өрт салдарынан үй иесінің 2002 жылы туған қызы 30% күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрттің себебі - ұялы телефон болды.

«Қыз оны тоққа қосып, төсекке қойып, ұйықтап қалған шығар, сондықтан смартфонның қалай жанып кеткенін байқамадық», дейді зардап шеккен қыздың ата-анасы.

Өртке себеп болған ұялы телефон қандай модель болғаны әзірге белгісіз.