Елорда • 19 Тамыз, 2021

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы сенбі-жексенбі күндері елордада Түркістан облысының тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Аймақтан 500 тонна өнім тиелген жүк көліктері жолға шықты. Жәрмеңкеге Түркістан өңірінің 50-ге жуық тауар өндірушісі қатысады. Бас қала тұрғындарына олар ет және сүт өнімдерін, көкөніс, бақша дақылдарын, жеміс-жидек, сондай-ақ бал ұсынады.

Жәрмеңкеде тауарлар нарықтан 15-20% арзан бағада сатылады.

«Жәрмеңке 21-22 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы Хан шатыр аумағындағы автотұрақ аумағында өтетін болады. Жалпы жәрмеңкеге Түркістан облысының 16 ауданынан 34 түрлі өнім жіберіліп отыр. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарымен біз өзімізді 100% қамтамасыз етеміз. Артығы республиканың өзге өңірлеріне, сонымен қатар Ресей, Беларусь елдеріне экспортталып жатыр», деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов.