Хоккей • 19 Тамыз, 2021

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ойындар кестесі

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы әлем чемпионатының ойындар кестесі жарияланды. Біріншілік 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ойындар кестесі

Қазақстан құрамасы Хельсинкиде А тобында ойнайды. Алғашқы матч Дания құрамасымен өтеді. Сондай-ақ топтық кезеңде құрамамыз Швейцария, РОК, Канада, Словакия, Германия және Италиямен кездеседі.

Қазақстан құрамасы матчтарының толық кестесі:

 14 мамыр, 15:20

Қазақстан – Дания

15 мамыр, 19:20

 Қазақстан – РОК

17 мамыр, 23:20

Швейцария – Қазақстан

19 мамыр, 23:20

Канада – Қазақстан

20 мамыр, 23:20

Қазақстан – Словакия

22 мамыр, 19:20

Қазақстан – Германия

23 мамыр, 19:20

Қазақстан – Италия

Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген.

Ширек финалдағы екі матч, жартылай финал мен финал «Tampere Deck Arena» стадионына жоспарланған. Ал билеттер 2 қыркүйектен бастап сатылымға түседі.

Соңғы жаңалықтар