Қазақстан • 19 Тамыз, 2021

Тегін заңгерлік көмек қосымшасы іске қосылды

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен республикалық заң консультанттары алқасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу аясында Қазақстанда тегін заң көмегі қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тегін заңгерлік көмек қосымшасы іске қосылды

«Әділдік жолы» РҚБ атап өткендей, қазіргі уақытта алқаға 3 000-ға жуық заң консультанттары кіреді.

«Бұл, әсіресе, үйден шықпай-ақ тегін кешенді заң көмегін ала алатын әлеуметтік осал азаматтар мен ауылдық жерлердің тұрғындары үшін тиімді», делінген ақпаратта.

«Меморандумның мақсаты - халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарына және басқа да азаматтарға құқықтық көмек көрсету. Құқықтық ағарту, әсіресе мұқтаждар арасында құқықтық мемлекетті нығайтуға қызмет ететін болады», деді Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай.

«Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдісі болып табылады. «LawCenter» қосымшасы құқықтық көмекті неғұрлым ауқымды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қосымшаны жүктеп алған әрбір қазақстандық өз сұрағын қойып, оны заң кеңесшілеріне жібере алады», деді «Әділдік жолы» РҚБ төрағасы Дидар Смағұлов.