2021 жылдың 17 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Айтуынша, белгісіз азамат WhatsApp желісі арқылы «биржадан ақшаны көбейтіп беремін» деп, 70 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.
«Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр», деп жазады Polisia.kz.