Аймақтар • 19 Тамыз, 2021

Ақтауда үй маңындағы қоқыстан өрт шықты

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудың 16-ықшамауданында қоқыстан өрт шығып, екі өрт сөндіру көлігі жіберілді. Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда үй маңындағы қоқыстан өрт шықты

Фото: облыстық ТЖД

Құтқарушылардың айтуынша, 19 тамызда сағат 00:52-де 16-ықшамаудандағы №92 үйдің артындағы қоқыс өртеніп кеткен. 

Оқиға орнына екі өрт сөндіру машинасы мен алты құтқарушы келді.

Жалын сағат 02:55 -те сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

1