Аймақтар • 19 Тамыз, 2021

Қапшағайдағы төбелес: Полиция қызметкерлері қамауға алынды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қапшағай дәмханасында төбелес шығарған бұрынғы полиця қызметкерлері ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Құдебаев онлайн қабылдау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қапшағайдағы төбелес: Полиция қызметкерлері қамауға алынды

«Күзетшілерді ұрып-соғу бейнежазбасы біздің қызметкерлеріміздің осы қылмысқа қатысы бар екеніне күмән тудырмайды. Біз оларды жұмыстан шығардық. Кафенің барлық қызметкерлері жауапқа тартылды, олар өз тараптарынан бұзақылық әрекеттерін растады. Зардап шеккен екі күзетшіден қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түсті. Біз сараптама тағайындадық. Біз алдағы уақытта да барлық заң бұзушылықтарға, тіпті өз қатарымызда да дереу әрекет ету ұстанымын ұстанатын боламыз. Барлық қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Кеше олар ұсталып, УҰИ-ға қамалды», деп атап өтті Серік Күдебаев.

Еске сала кетсек, 11 тамыз күні түнде Қапшағай қаласындағы кафеге кіре берісте бірнеше адам екі күзетшіге шабуыл жасаған болатын. Жекпе-жек сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп, кейін кадрлар әлеуметтік желілерде таралды. Төбелес шығарғандардың Қапшағай полиция бөлімінің жедел уәкілдері екендігі хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25