Жол бойында қауіп жоғары. Көлік тізгіндегенжүргізуші де, жаяу жүргінші де жауапкершілікті сезінуітиіс.
Жуықта «Қазақавтожол» ЖШС ШҚО филиалы қызмет көрсететін жол ұйымы Әкімшілік полиция басқармасының ұсынысымен Өскемен – Семей тасжолының реттелмейтін 7 жаяу жүргіншілер өткелініңалдында арнайы шуыл жолақтар салынды.
Бұл арнайы технологиямен жасалған жолдыңүстінен салынатын таңбаның ерекше түрі. Егер адамкенеттен рөлде ұйқыға кете бастаса, жолаққа соғылғандөңгелектің дірілінен оянып кетеді.
Шулы жолақ салудағы басты міндет – жол-көлікоқиғасын азайту, қауіптің алдын алу.
Бүгінгі таңда облыстың жолдары мен көшелерінде 4 мың шаршы метрден астам шу жолақтары (20 учаскеде) төселген.