Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, олардың негізгі міндеті – кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау және ынталандыру, қолда бар активтер негізінде тиімді және танымал өндірістік қуаттарды құру.
«Инвестициялық қызметті дамыту және жүзеге асыру мақсатында компания Нұр-Сұлтан қаласындағы инвестициялық жобаларды қарайды, оларға жер учаскесі бөлінген және инвестор болған жағдайда Жер кодексінің 48-бабына сәйкес жер учаскелерін беруді қастырады», делінген "Astana" ӘКК" АҚ жауабында.
Айта кетейік, нысан елордада бірнеше жыл бұрын салына бастаған еді. ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ғимараттардың бірінің қасбеті қапталған болатын.