Жекпе-жек 6 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Канело өзінің әлеуметтік желілерінде алдағы күрес туралы ресми түрде жариялады.
«6 қарашада біз Мексика боксын шыңға шығарамыз! Қоржынымда жетіспей тұрған белбеу үшін барамын!», деп жазды боксшы.
Канело Плантты жеңген жағдайда 168 фунтта абсолютті әлем чемпионы атағына ие болады.