Қоғам • 20 Тамыз, 2021

Павлодарда 12 жастағы бала суға батып кетті

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда 12 жастағы бала суға батып кетті

Оқиға туралы хабарлама 19 тамызда сағат 00:10-да Павлодар полициясының жедел кезекші бөлімінен түсті.

Белгілі болғандай, 12 жастағы бала достарымен серуендеуге шығып, үйге оралмаған.

«2009 жылы туған бала суға түсу үшін жабдықталған жерде шомылу кезінде сағат 14.30 шамасында орталық жағалаудың жанында суға батып кетті. Сағат 22:00 шамасында ата-анасы полицияға жүгінді», деп хабарлады өңірдің ТЖД.

«VITA» іздеу жүйелері достарының үрейленіп, бұл оқиға туралы ересектерге бірден хабар бермегенін айтты.