«Киллер кодексі» фильмінің көрсетілімі бүкіл әлемде өтеді. Онда Сэмюэл Л. Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайды. Сонымен қатар фильмге қазақстандық Nomad Stunts тобының 10 каскадері қатысқан.
«Түсірілімге қатысу туралы ұсыныс 2019 жылдың соңында түсті. Біз каскадерлерді таңдадық - фильм үйлестірушісі мен режиссер сұранысына сәйкес келетін сегіз жігіт пен екі қыз. 2020 жылғы ақпанда Румынияда болған түсірілімге біздің каскадерлер ұшып барды. Жалпы олар онда шамамен екі ай болды. Бір ай дайындыққа, монтажға, жаттығуларға, екіншісі - түсірілімге жұмсалды», деді Nomad Stunts халықаралық каскадерлар тобының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғұжинов.
Nomad Stunts каскадерлері тек түсірілімге қатысып қана қоймай, кейіпкерлерді дубляждап, сонымен қатар эпизодтық көріністерге актер ретінде қатысқан.