Оқиға • 20 Тамыз, 2021

Павлодарда рұқсат етілмеген сауда орындары анықталды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер рұқсат етілмеген сауданың 749 фактісін анықтады, деп хабарлайды  Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда рұқсат етілмеген сауда орындары анықталды

Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын лицензиясыз белгіленбеген орындарда сауданы жүзеге асыруға тыйым салынған.

«Ағымдағы жылдың басынан павлодарлық полицейлер рұқсат етілмеген сауданың 749 фактісін анықтады. Тұрғындар қолдан істелген сөрелерін орнатып, қаланың жанданған көшелерінде түрлі тауарларды, соның ішінде азық-түлік өнімдерін сатады. Мұндай жағдайда құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен әкімшілік кодексте көзделген жауапкершілікке тартылады», деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мысалы, 25 жастағы қала тұрғыны Павлодардың жанданған көшелерінің бірінде парфюмерия сатқан.Сатушының рұқсаты да, лицензиясы да жоқ еді. Көрші үйдің тұрғындары осы заң бұзушылық туралы шағыммен жүгінді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 204-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды.