Коронавирус • 20 Тамыз, 2021

Министр вакцинадан кейін кімдердің қайтыс болғанын ашық айтты

2556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-дағы онлайн брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр вакцинадан кейін кімдердің қайтыс болғанын ашық айтты

«2021 жылдың ақпан айы мен шілдесіне дейінгі кезеңді сараптадық. Коронавирустан барлығы 4 969 адам қайтыс болды. Оның 115-і вакцина салдырған. Яғни, бұл - қайтыс болғандардың 2,3 пайызы. Басым бөлігі, яғни, 97,7 пайызы вакцина салдырмаған тұрғындар. Вакцина салдырып, кейін қайтыс болған адамдардың созылмалы аурулары болды. Жағдайы нашарлап, қайтыс болуына осы созылмалы аурулары себеп болды», деді Цой. 

Министр вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болған науқастар ең көп тіркелген үш өңірді атады: Нұр-Сұлтанда 32, Шымкентте 27, Алматыда 17 жағдай тіркелген. 

Сонымен бірге Алексей Цой созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салдыруға кеңес берілетінін айтты. Себебі олар әлі де осал топқа кіретінін ескерті.