Қоғам • 20 Тамыз, 2021

Қазақстанда қанша адам вакцина салдырудан босатылған?

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қанша адам вакцина салдырудан босатылған?

Фото: Станислав Красильников/ТАСС

«Бүгінде 15 730 адамның вакцина салдырмауға медициналық себебі бар. Өңірлер туралы мәліметтер әртүрлі, өйткені бүгінгі күні ақпараттық жүйеде вакцина алуға келгендердің медициналық қарсы көрсеткіші ескеріледі. Яғни, адам вакцина салдыруға келгенде тексеру кезінде медициналық қарсы көрсеткіші анықталуы мүмкін. Қарсы көрсеткіштер тұрақты  және уақытша болып бөлінеді», деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, вакцинадан босатылғандар - жүкті әйелдер, балалар. Орташа алғанда, жылына шамамен 400 000 нәресте, сәйкесінше 400 000 әйелді құрайды.

«Оның сыртында 18 жасқа дейінгі балалар бар. Бұл да үлкен санат - 5,5-6 миллион бала. Созылмалы аурулары асқынған адамдар бар. Бұл да қарсы көрсеткіш. Сондықтан вакцинадан босатылғандар тізімі үнемі өзгеріп отырады, деректер де солай», деді ол.