Аталған инфекция түрі Австриядағы достарына келген Перу азаматынан анықталды. Дерттің белгілері жолда пайда болып, жасалған ПТР нәтижелері вирустың жұғуын растады. Қазіргі уақытта ер адамның халі жақсы, инфекцияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ.
Ламбда коронавирусының нұсқасы алғаш рет Перуде 2020 жылы анықталды. Шілдеде ДДСҰ бұл штамның 30-дан астам елде, негізінен Оңтүстік және Солтүстік Америкада таралғаны туралы хабарлаған болатын.