Zoom жүйесі арқылы инфесторлар өз жобаларын ұсынды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс саласы, құс шаруашылығын дамыту бойынша және әлеуметтік нысандар құрылысы, жалпы 9 жоба таныстырылды.
Атап айтқанда, «РЕТ» ЖШС көмірқышқыл газын қайта өңдейтін кәсіпорын салуға ниетті. Жоба құны – 3,5 млн АҚШ доллары. 2022-2023 жылдарға жоспарланған жоба тәулігіне 40 тоннадан астам көмірқышқыл газын қайта өңдеуге қауқарлы.
Жеміс және көкөністерді қайта өңдеуге маманданған «SLT» кәсіпорны 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Өндіріс орны сағатына 3 тоннадан астам жеміс және көкөністерді қайта өңдейді. Құрал-жабдықтар Түркия, Бельгия, Германия және Италиядан әкелінеді. Қазіргі уақытта екі жақты келісімдер жүргізілуде.
Ал «КЕРЕМЕТ-САПА» ЖШС көкөніс сақтау бағытына маманданған. Жоба құны – 500 млн теңге. Алтынтөбе тұрғын алабында құрылыс үшін жер телімі дайын.
Selena Group (Польша) компаниясы құрылысқа қажетті құрғақ қоспалар өндірісі жобасын ұсынды. Жоба құны – 3 млрд теңге. Жеке кәсіпкер өндірісті 2021-2022 жылдары іске асыруды жоспарлап отыр. Оған қажетті жер телімі – 2 га. Жұлдыз индустриалды аймағынан жер телімін беру көзделуде.
«Шымкент құс» ЖШС құс ферманың құрылысы үшін 3 гектар жер телімі қажеттігіне назар аударды. Жылына 60 млн дана жұмыртқа өндіретін кәсіпорынның жоба құны – 1 200 млн теңге. 30 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ. Бүгінде жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар ФК «Самрук» жеке кәсіпкерлігі «Самрұқ» спорт кешенінің құрылысын салуды жоспарлауда. Оған сәйкес, мини-футбол алаңдарын ашу, жағажайдағы мини-футбол, ашық манеж, ауқымды спорттық іс-шараларды өткізумен қатар, бокс, күрес, шахмат, үстел теннисі, гимнастика, балет, каратэ және тағы басқа спорт түрлерін дамытуды көздеуде. Жоба құны – 1 млрд теңге. Жобаны 2021-2025 жылдары іске асыруға ниетті. Оған 4,0 га жер телімі қажет.
Сондай-ақ штаб отырысында «ЮжСтройСервис» ЖШС-ның қоймалар өндірісі, «Казахстанская Нефтехимическая Компания КЕМИКАЛ» ЖШС-нің полимерлер өндірісі және «Prestige House» ЖШС-нің көпқабатты тұрғын үй жобасы таныстырылды.