Оқиға • 21 Тамыз, 2021

Жасөспірім әкесін телефонда ойнауға тыйым салғаны үшін пышақтады

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда жасөспірім телефонда ойнауға тыйым салған әкесін пышақтады, деп хабарлайды  Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жасөспірім әкесін телефонда ойнауға тыйым салғаны үшін пышақтады

Полицияға Павлодар қаласы тұрғынының пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, пәтерде әкесі мен 14 жастағы кәмелетке толмаған баласы арасында жанжал болған.

«Әкесі баласына телефонда ойнағаны және үйді жөндеуге көмектесуден бас тартқаны үшін ескерту жасаған. Телефонды алып, ер адам үйдің ауласына бет алған, сол кезде жасөспірім әкесіне ашуланып, ас үй пышағын алып әкесін пышақтаған. Ер адам пышақ жарақатымен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандар жасаған 11 қылмыс тіркелген.