21 Тамыз, 2021

Ақмола облысында 624 рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны анықталды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық экология департаменті Көкшетау қаласының маңында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою бойынша баспасөз турын өткізді, деп жазады Egemen.kz ҚР Экологиялық, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында 624 рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны анықталды

Қазіргі уақытта облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың 130 орны, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін рұқсат ету құжаттары бар 24 полигон орналасқан.

«2021 жылы жүргізілген жұмыс нәтижесінде ғарыштан түсірілген суреттер арқылы Ақмола облысында 624 рұқсат етілмеген қоқыс орындары (Көкшетау қ. - 147, Степногорск қ. - 51, Зеренді ауданында - 67, Целиноград ауданында - 294, Аршалы ауданында - 13, Ақкөл ауданында - 22, Шортанды ауданында - 34, Біржан Сал ауданында - 4) анықталды. Оның ішінде 364-і жойылды», деп атап өтті министрлік.

2