Спорт • 22 Тамыз, 2021

Алматылық «Қайраттың» жаттықтырушысы тағайындалды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық футбол клубы командасының бас бапкері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Алматылық «Қайраттың» жаттықтырушысы тағайындалды

Құрбан Бердыев алматылық «Қайраттың» жаңа жаттықтырушысы болып тағайындалды.

«22 тамыз күні «Қайрат» жаңа бас бапкерді қабылдайды. Бұл лауазымға ресейлік маман Дмитрий Кириченко тағайындалады деген болжам болды. Алайда, команданы Құрбан Бердиев басқарады, ал Кириченко оның көмекшісі болады», деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы маусымды алматылық клуб Алексей Шпилевскийдің басшылығымен бастады, маусым айында оның орнына Кирилл Кекер келді, ол Еуропа Лигасы біліктілігінде «Алашкерттен» жеңілгеннен кейін отставкаға кетті. Қазір бас бапкердің міндетін уақытша Артем Гавриленко атқарады», деп жазады ақпарат көзі.

Құрбан Бердыев қазан «Рубинінде» қызмет еткен кезде кеңінен танымал болды. 2008 жылы ол басқарған клуб ЦСКА мен Мәскеулік «Динамодан» озып, алғаш рет Ресей чемпионы атанды.