Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Алматы облысындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы бөлімшелерінің жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығы базасында өткен «Қайсар-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуын тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына арнайы бөлімше қызметкерлерінің көрсетілімдері көрсетілді. Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаттығу жүйелерін, скалодромды, оқу орталығының мультимедиялық тирлерін қарап шықты.
Оқу-жаттығуға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Жоғарғы Бас қолбасшы құқық қорғау органдары Қазақстанның мықты мемлекет ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.
«Сіздердің қажырлы қызметтеріңіздің арқасында біздің елімізде қоғамдық тәртіп орнады. Қылмысқа қарсы күрес және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өте қиын іс. Тәртіп сақшылары кез-келген уақытта қауіп-қатерден арылуға дайын болуы керек. Бұл үлкен жауапкершілік пен жанқиярлықты қажет етеді. Полиция қызметкерлері әрқашан қырағылық пен жоғары дайындықты сақтауы керек. Сондықтан мұндай оқу-жаттығулар кәсіби шеберлікті арттыру үшін өте маңызды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Құқық қорғау органдарындағы қызмет жоғары физикалық және психологиялық жүктемелермен, көбінесе өмір үшін нақты тәуекелмен байланысты екенін ерекше атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдары Ішкі істер органдарының 802 қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өз міндеттерін орындау кезінде қаза тапты. Олар соңына дейін антына адал болды. Олар туралы естелік мәңгілік болады. Көрсеткен қайсарлығы мен батылдығы үшін сіздердің 1567 қызметшіңіз ордендер мен медальдармен марапатталды», деді ол өз сөзінде.
Жоғарғы Бас қолбасшы өз сөзінде құқық қорғау құрылымдарының штаттық құрамының әлеуметтік пакетін жақсарту мәселелеріне тоқталып өтті.
«Алдағы үш жыл ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы орта есеппен 30%-ға артады. Бұл мақсатқа 100 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін ай сайынғы ақшалай қамту кезең-кезеңімен ұлғаюда. 2021-2023 жылдары офицерлерде ол 70%-ға, ал келісімшарт бойынша әскери қызметшілерде 60%-ға өседі. 2024 жылдың соңына дейін арнайы мақсаттағы бөлімшелерде қызмет атқаратын барлық келісімшарт жасаушыларға офицерлік атақ беріледі. Жыл сайын қомақты қаражат тұрғын үймен қамтамасыз етуге жұмсалады. Бүгінде тұрғын үй төлемдерін алушылар 24 мың полиция қызметкері және 13,5 мыңнан астам әскери қызметші болып табылады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда тұрғандарды кешенді әлеуметтік қолдау әрқашан біздің мемлекетіміздің басымдықтарының бірі болады», деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев өткізілген жедел-тактикалық оқу-жаттығулардың қорытындыларын саралай отырып, ІІМ-нің дағдарыстық жағдайлардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге дайындығын көрсеткенін ерекше атап өтті.
«Халықаралық жағдайдың шиеленісуі жағдайында біздің күш құрылымдарымыз барынша жұмылдырылуы керек. Біз Ауғанстандағы жағдайға қатысты қоғамдағы алаңдаушылықтың артқанын көріп отырмыз. Бұл елде болып жатқан оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейді, бірақ, сөзсіз, белгілі бір қауіп-қатерлер туғызады. Сондықтан біз осы жағдайдың дамуын мұқият қадағалап, кез келген сын-қатерлерге лайықты жауап беруге дайын болуымыз керек», деп санайды Жоғарғы Бас қолбасшы.
Қасым-Жомарт Тоқаев күш құрылымдарының қызметкерлеріне арнаған сөзінде өскелең ұрпақтың оларға тең келетінін еске салды.
«Сіздер тәртіп сақшыларының құрметті атағына сай болуыңыз керек. Сіздердің жұмыстарыңызға ең жоғары баға беру - бұл халықтың сенімі мен алғысы. Ішкі істер органдарының қызметкерлері бұл сенімді ақтайтынына сенімдімін!», деп түйіндеді Президент.
Іс-шара барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жоғарғы Бас Қолбасшыға ІІМ қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығы туралы баяндап, арнайы әскери техника мен қару-жарақ үлгілерін таныстырды.
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Бүгін, 22:01
Қырғыз соты Алмазбек Атамбаевты кінәсіз деп таныды
Әлем • Бүгін, 21:47
«Тұмар-2022» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 21:05
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:42
Салық жүйесі тұрақты әрі түсінікті болуы керек – Ерлан Қошанов
Үкімет • Бүгін, 20:22
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 20:00
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Ұқсас жаңалықтар