Мәнерлеп сырғанаушының видеосын Димаштың әкесі Қанат Айтбаев жариялады.
«Француз Куршавелі. Жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі. Француз мәнерлеп сырғанаушысы Ян Воклен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Qairan elim» әнімен өнер көрсетті, деп жазды ол Instagram-да.
Еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша 17 жастағы Воклен 112,57 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.
Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясы - Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік конькимен жүгірушілер арасындағы жыл сайынғы коммерциялық турнирлер кешені.