Спорт • 22 Тамыз, 2021

Қазақстан чемпионатының финалисі МЧА-2021 турнирін жеңіспен бастады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубайда өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионатының финалисі МЧА-2021 турнирін жеңіспен бастады

Дамир Дайпаковтың 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер арасындағы қарсыласы қырғызстандық Бекзат Ергешов болды. Жекпе-жек Дайпаковтың жеңісімен аяқталды.

Дамир Дайпаков Қазақстан чемпионатының финалисі атанды, сондай-ақ Сербиядағы халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарына қосылды.

Айта кетсек, Дубайдағы жасөспірімдер турнирімен қатар жастар біріншілігі де өтіп жатыр, онда Қазақстан спортшылары да шаршы алаңда өнер көрсетуде.