Қостанай облысында жұлдызқұрт көбейіп кетті. Дами келе көбелекке айналатын бұл зиянкестер ауыл шаруашылығы алқаптары мен үй аулаларындағы бау-бақшаларды жұмсақ жапырақсыз қалдырып, жолында кездескен өсімдіктің бәрін талғамай жайпап өте шығады екен. Мамандардың айтуынша, тіпті бір түнде бүтін бір күнбағыс не зығыр алқабын дақылсыз қалдыруы мүмкін. Көбелек жұлдызқұрттарының үлкен көші Ресейден шығып, Қостанай облысы арқылы Батыс Қазақстанға бет алып барады екен.

Қостанай ауданындағы Алтын дала елді мекенінің тұрғындары ауыл ішіне қаптап кеткен жұлдызқұрттан аяқ алып жүре алмай қалған. Таяуда ғана пайда болған зиянкестер бақшада өсіп тұрған жеміс-жидек пен көкөніс жапырақтарын кеміре бастапты. Алтын далаға бара қалсаңыз, мынадай көріністің куәсі боласыз: түмендеп көшкен құрттар бір жаққа асығып бара жатқан сияқты. Ешбір тоқтаусыз қозғалыс үстінде. Жолында кездескен үй, қораның қабырғасына өрмелеп, төбесінен асып, болмаса айналып өтіп кетіп жатыр.
Бұрын-соңды байқалмаған «жұлдызқұрт жорығына» алаңдаған ауыл тұрғындарының өтінішімен Тобыл қаласына барып, ауыл шаруашылығы зиянкестерін жоюмен айналысатын «Регион-Защита» серіктестігінің ғылыми қызметкерлеріне жүгіндік. Сөйтсек, ғалымдар зиянкестің бұл түрін шалғын көбелегі деп атайды екен. Орыстың «луговой мотылек» сөзінен тікелей аударып алса керек. Мекеме директоры Айгүл Олейниктің айтуынша, шалғын көбелек жұлдызқұртының үлкен көші былтыр Ресейдің Барнаул аймағынан шығып, Павлодар облысында топырақ астында қыстап қалған.
«Шалғын көбелек Қостанай облысында сәуір айының ортасына таман пайда болды. Олар бірден жұмыртқалай бастайды. Біз алғашқы көбелекті 18 сәуірде байқадық. Ал мамырдың 21-інде бірінші жұлдызқұрт пайда болды. Жұлдызқұрттың бірнеше жасы болады. Бірінші, екінші жасында жұлдызқұрт бір орында жатып, өздері жабысып алған өсімдіктің жапырақтарымен қоректенеді. Ал үшінші жасқа жеткенде жылдам қозғала бастайды. Олар содан кейін бір орында тұрмайды, лек-легімен жерден жерге көше бастайды.
Жұлдызқұрттың бірінші, екінші жасы екі-үш күнге созылады, ал үшінші, төртінші жасында бір жарым күндей айырмашылық бар. Бәрі ауа райына байланысты. Егер күн ыстық болса, жұлдызқұрттың жасы да тез өзгереді. Биыл біздің өңірде мамыр айында да, тамыз айында да күн райы ыстық болды. Сондықтан жұлдызқұрттың жасы тез өзгеріп, тез дамып жатыр», деді А.Олейник.
Маманның айтуынша, шалғын көбелек Қостанай өңірінде осыдан 13 жыл бұрын дәл осылай көбейіп кеткен. Енді алдағы жылы да өңірде біраз жұлдызқұрт қалады. Ал көбелектері биыл Батыс Қазақстан жаққа қарай ұшып, одан әрі қарай Орынбор жағына ауады.
«Дәл қазір облыс аумағында бір жастағы жұлдызқұрт қалмады деуге болады. Есесіне екінші, үшінші, төртінші, кейбір жерлерде бес жастағы жұлдызқұрттар көбейіп кетті. Олар қорек талғамайды. Бәрін жей береді. Қазір алқапта арпа, бидай пісіп қалғандықтан, жұлдызқұрттың оларға тісі өтпейді, сондықтан тиісе алмайды. Ал зығыр, күнбағыс, бұршақ, жасымық, соя сияқты дақылдарды талғамай жейді. Сондай-ақ бұл зиянкестер бақша көкөністері мен жеміс-жидектерді де талғамай жейді, тіпті ағашқа дейін кеміріп тастайды. Құлпынай, қарақатты да қоймайды. Қазір облыстың барлық ауданында жұлдызқұрттың екінші ұрпағы күрт көбейіп кетті. Көбіне көп қоғалы көлдердің жағасында, орман шетінде, көптен өңдеу көрмеген алқаптарда кездеседі. Әсіресе, ақ алаботалы жерлерде аса көбейіп кеткені байқалады. Сондықтан барлық шаруашылық алқаптарын инцектицидпен өңдеу керек. Сонда жұлдызқұрт 3-4 сағат ішінде жойылады. Шаруалардың көбі қазір алқаптың айналасын ғана дәрілейді. Мұның басқа зиянкестерге теріс әсері болғанымен, көбелек жұлдызқұртына ешқандай әсер етпейді. Өйткені жұлдызқұрт алқаптың ортасына жұмыртқалайды. Сондықтан дәріні бүкіл алқапқа шашуға тура келеді», деді маман.
Айгүл Тоқтарбайқызынан есік алдына қызанақ, қияр өсіріп отырған қарапайым тұрғындар бұл зиянкеспен қалай күресуі керек деп сұрап едік: «Қазір жұрттың көбі бақшадағы көкөніс пен жеміс-жидегін күнделікті жеп отыр. Сондықтан химиялық дәрі шашуға болмайды. Оны мүсәтір спиртімен өңдеу керек. 10 литр суға 50 мл мүсәтір спиртін қосып, оны зиянкестер шоғырланған жерлерге шашу керек», деді.
Таяуда Бейімбет Майлин ауданына қарасты Приреченск елді мекенінің тұрғындары ауыл маңындағы күнбағыс алқабына жұлдызқұртқа қарсы дәріні ұшақпен шашып жүрген шаруашылыққа наразылық білдіріп, оны телефон камерасына түсіріп, әлеуметтік желіге салды: «Жел ауыл жаққа соғып тұр. Күнбағыс алқабы ауылдан 50 метрдей-ақ жерде. Дәрінің зиянын біз тартып жатырмыз», деп жазды наразы топ.
Осыдан кейін жұрттың пікірі қақ жарылып, шаруашылықты қолдаушылар да табылып жатты. «Қазір көбелек жұлдызқұрты дақылдан дақыл қоймай жеп жатыр. Егер қазір дәрі шашпаса, бақшада картоп та қалмайды. Күнбағысты құтқарып қалмасақ, келесі жылы сұйық майдың бағасы бұдан да шарықтап кетеді. Шаруалар төрт жыл қатарынан аптап ыстықпен күресуде, сондықтан сәл сабыр шақырып шыдай тұрыңыздар», деп жазды шаруаларды жақтаушы жақ.
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына 16 млрд теңге жұмсалмақ
Қоғам • Бүгін, 21:25
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік ішінде тұншығып, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 20:42
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 19:45
Шымкенттегі жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 19:24
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Антикордың жалған жұмысшысы Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен
ANTIKOR • Бүгін, 18:20
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Президент «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды
Президент • Бүгін, 16:25
Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:49
Елордалық ЖОО-да конституциялық түзетулер мен алдағы референдум талқыланды
Елорда • Бүгін, 15:20
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 14:47
Премьер-Министр «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесу өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:25
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:43
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:14
Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған
Білім • Бүгін, 12:47
Семсерлесу федерациясының президенті мен бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:23
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Бүгін, 11:55
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Бүгін, 10:50
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:18
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Президент «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:17
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар