Театр • 23 Тамыз, 2021

Еуропаны тамсандырған қойылымдар – елорда төрінде

170 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алдағы 26 - 27 тамыз күндері Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай Алматыдағы Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театры елордаға гастрольдік сапармен келіп, «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді. Бұл айтулы жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

Еуропаны тамсандырған қойылымдар – елорда төрінде

Қазақ опера және балет өне­рі­нің қарашаңырағына айнал­ған театр ұжымы астана­лық­тарға ал­матылық және еуропалық көрер­мен­дердің көңілінен шыққан спек­такльдерді тарту етпек. Сөй­­тіп, қала тұрғындары мен қо­нақ­тары ұлы компо­зи­тор­лар­дың музыкасымен өрілген бірегей қо­йы­лымдардағы жаңаша көр­кем­дік шешімдегі классика-модерн кезеңіне саяхаттайды.

Айталық, өнер сапарының шымылдығы 26 тамыз күні Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсымен ашылады. Жаңа қойылым итальяндық атмосфера мен соны стильдің тал­ғампаз мәні бар күрделі сце­но­графиялық сюжет пен «уа­қыт­тан уақытқа ауысатын» қоз­ға­лыстарды қамтып, заманауи технологияны опера әлемімен үй­лестіретін бейнепроекциялармен толықтырылған.

Ал 27 тамызда жұртшы­лық­қа Ф.Шопеннің «Шопениана», И.С.Бахтың «Бах шығарма­шы­лы­ғын тану» және М.Равельдің «Болеро» үш актілі балеті ұсы­ны­лады.

Фридерик Шопеннің музыкасына қойылған «Шопениана» романтикалық балет классикасы саналады. Бұл туынды арман мен шындық арасындағы мәң­гі­лік қақтығыстар мен идеал­дықтың жетіспеушілігі бар р­о­­мантизм дәуіріне еліктеп жа­­зылған. Ал балетмейстер Гүлжан Түткібаева пластикалық образ­дардың тілі­мен Шопеннің му­зы­касына тән бей­нелерді әсер­лі жеткізеді. Қо­йылым балет әртіс­терінің «па» би қадамдары және жаңа костюмдер мен де­ко­рациялардың өзгерісінен тұ­рады.

Сондай-ақ неоклассикалық «Бах шығармашылығын тану» балеті – классицизмнің дерек­сіз деконструкциясы. Онда тың­дар­ман­ды алғашқы ноталардан музыка сұлулығымен баурап, ішкі әлем кеңістігіне жетелейді.

Испан өнерін жақсы білетін Морис Равель «Болеро» бі­ре­гей шығармасын жазуды бас­­та­ған­да, оған талантты би­ші, орыс балетінің солисі Ида Рубинштейн зор ықпал еткен. Өз кезінде Рубинштейн Париждегі «Гранд Опера» сахнасында испан кө­рі­нісінде хореографиялық композиция орындаған. Сондықтан ба­летмейстер Рикардо Амаран­те­нің қойылымындағы «Болеро» әйел затының мінсіз сұлулығы мен сезімталдығын жырлайды. Мұнда классикалық модернді сах­нада болып жатқан әр кө­рі­ністен байқайсыз, сонымен қатар бишілердің қозғалысы, де­корация мен жарықтың түсуі кө­рерменді әсем көңіл күйге бө­лейді.