Аймақтар • 23 Тамыз, 2021

Жаңалығы көп жаңа маусым

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық қуыршақ және жас­өс­пірімдер театры 1984 жылы алғаш рет Г.Лан­даудың «Ку-ка-ре-ку» спектаклімен шы­мыл­дығын ашып, бүгінге дейін үздіксіз жұ­­мыс істеп келеді. Репертуарында отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымы бар театр 39-шы маусымын ашты.

Жаңалығы көп  жаңа маусым

Жаңа маусым көрнекті жазушы-драматург Рахым­жан Отарбаевтың «Сағыныш шөбі» қо­йы­лы­мы­мен басталды. Қазақ драматургиясының клас­сика­лық туындысы желісінде сахналанған бұл қо­йы­лым тарихи деректерге негізделіп, көрерменге ұлт­тық болмыс пен ерлікті, отансүйгіштікті дәріптей­ді. Театр 38-ші маусымында қалың көрерменді түр­лі жанрдағы қойылымдармен тәнті еткен-ді. Атап айтсақ, әлемдік деңгейдегі классикалық туынды болып табылатын Н.Гогольдің «Үйлену» комедиясы, Д.Сала­маттың «Қасқыр шөп жей ме?» ертегісі, М.Мал­дыбаеваның «Асыл шөп», А.Алтынбековтің «Рахмет саған, дәрігер!» қойылымдарының премьерасын көрерменге тарту еткен болатын.

 Жаңа маусымның қойылымдарын тамашалауға келген көрермендерге карантин талаптарына сәйкес Ashyq жобасымен кіруге рұқсат етіледі. Яғни бетперде режімі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толымдылығын 30 пайыздан асырмай қызмет көрсетіледі.

 

Шымкент