Аймақтар • 23 Тамыз, 2021

«ЖОО-ға түсіру үшін» ақша алған алаяқ ұсталды

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзенде «ЖОО-ға түсіру үшін» ақша алған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«ЖОО-ға түсіру үшін» ақша алған алаяқ ұсталды

Алаяқ жоғары оқу орнына түсуге көмектесу үшін ақша алып, қашып кеткен. Полицейлердің хабарлауынша, оқиға тамыз айында болған. Ол тұрғыннан 42 500 теңге алған. Алайда, уәдесінде тұрмаған. Белгілі болғандай әйел өткен жылы да осындай әрекетке барған.

2020 жылдың шілде айында ЖОО-ға түсуге көмек көрсету үшін ауыл тұрғынынан 152 мың теңге алған. Қүдікті келіншек кінәсін мойындады.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.