Ресми өкілдің дерегінше, өткен аптада еліміздің аумағында 3 311 қылмыс жасалып, оның 2 269-ы бір тәулік ішінде ашылған.
«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 5 кісі өлтіруді, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 37 тонау және 528 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», деді Нұрділдә Ораз.
Сонымен қатар ол 16 мен 22 тамыз аралығында көлік ұрлығын болдырмауға және ұрланған көлік құралдарын анықтауға бағытталған «Автомобиль» атты алдын алу іс-шарасы өткендігін еске салды.