«Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақтар Ұлыбританияға аптасына екі рет сәрсенбі мен сенбі күндері ұшады. Нұр-Сұлтан - Лондон рейсінің ұзақтығы 7 сағат 15 минут, ал кері бағытта - 6 сағат 30 минут.
Рейстер A321LR ұзақ қашықтықтағы әуе лайнерінде орындалады. Негізгі эконом-класс тарифі барлық салықтарды қосқанда екі бағыт бойынша 284 535 теңгеден басталады.
«Ұлыбританияға баратын жолаушыларда вакцинация мәртебесі мен азаматтығына қарамастан, коронавирус инфекциясына ПТР-тесті теріс болуы керек. ПТР сынағы ұшудан үш күн бұрын жүргізілуі тиіс. Жолаушылар Ұлыбритания талаптарын қатаң сақтауға міндетті», деп хабарлады әуе тасымалдаушысы.