Спорт • 23 Тамыз, 2021

Әлем чемпиондарына қаржылай сыйақы берілді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпиондарына қаржылай сыйақы берілді

Байрақты бәсекеде топ жарыпған спортшыларды бүгін Түркістан әуежайында ата-аналары мен жергілікті тұрғындар күтіп алды.

Түркістандықтар чемпиондарға лайықты құрмет көрсетті. Халықтың ыстық ықыласына бөленген спортшылар ақшалай сыйақы алды. Әлем чемпионына 1 млн, қола жүлдегерге 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Айта кетейік, 16-22 тамыз аралығында Ресейдің Уфа қаласында жастар арасында грек-рим және еркін күрестен әлем чемпионаты өткен болатын. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Нилуфар Раимова алтыннан алқа тағынып, жарыс жеңімпазы атанса, 59 келіге дейінгі салмақта күрескен Мадина Аман қола жүлдеге ие болды.