Ақкөл АПБ кезекші бөліміне 61 жастағы жергілікті тұрғынынан ұрлық фактісі бойынша арыз түсті.
Жәбірленушінің айғақтары бойынша, 20 тамыз күні таңертең «Щучинск-Нұр-Сұлтан» автожолында Mercedes Benz 260Е такси жүргізушісі қарт әйелді пышақпен қорқытып, оның 10 мың теңгесін ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақмолалық полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу жұмыстары барысында күдікті бұрын зорлау, тонау, көлік ұрлау және ұрлық үшін сотталған Степногор қаласының 44 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.