Аймақтар • 23 Тамыз, 2021

ШҚО-дағы 500-ден астам мектепте бейнебақылау жүйесі талапқа сай емес

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы 533 мектепте бейнебақылау жүйесі талапқа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-дағы 500-ден астам мектепте бейнебақылау жүйесі талапқа сай емес

Бүгінгі таңда өңір бойынша 647 мектеп бар. Оның 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Алайда тексеріс барысында білім ордаларының басым бөлігінде бейнебақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істемейтіндігі анықталды.

Бұл жайлы ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова мәлім етті.

«Облыс мектептеріне жасалған мониторинг нәтижесінде, 533 (82,3%) білім беру мекемесінің бейнебақылау жүйесі бекітілген стандарттарға сәйкес еместігі белгілі болып отыр. Сондай-ақ 10 мектепте камералар дұрыс жұмыс істемей келген. Барлық мектептер бейнебақылау жүйесін қосымша жабдықтауға және жаңартуға өтінім берді», дейді ол.

Зейнеп Махсутованың айтуынша, аталған кемшіліктерді жою үшін бюджеттен қажетті қаражат бөлінген. Осы жылдың қыркүйек айына дейін тиісті жұмыстар атқарылады деп күтілуде.