Медицина • 23 Тамыз, 2021

МӘМС жүйесінің тиімділігі байқала ма?

765 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Күллі әлем қауымдастығының басына түскен індет ауыртпалығы жағдайында еліміздегі медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы, Медициналық сақтандыру қорының рөлі, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіру барысы қоғамды толғандыратын өзекті мәселелер екені белгілі. Өйткені әлі де пациенттердің отандық медицина қызметіне көңілі толмайтынын байқау қиын емес.  

МӘМС жүйесінің тиімділігі байқала ма?

Осы орайда Әлеуметтік ме­ди­ц­иналық сақтандыру қоры жа­нындағы Қоғамдық консуль­тативтік кеңестің бар екенін көпшілік біле бермейді. Бұл институт қаншалықты тиімді, әлде формальды құрылым рөлін атқара ма? Әлбетте, денсаулық сақтауды басқарудың түрлі саласында және жалпы әлеуметтік са­лада біліктілігі жоғары, яғ­ни білікті медицина мамандары, Парламент депутаттары, қо­ғамдық бірлестіктердің өкіл­дері, зерттеушілер, сарапшы­лар­дан құралған Қоғамдық консуль­тативтік кеңестің мүше­лері – денсаулық сақтау саласын әр қырынан білетін, тәжі­рибесімен және білімімен бөлісе алатын, сырттай баға бере алатын, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысын жақсарту үшін сындарлы ұсы­ныстарын бере алатын кәсі­би мамандар. Десе де түп­кі­лікті шешім қабылдауға құқы­ғы жоқ. Қор басшылығы (Бас­қарма мүшелері де, құрылым­дық бөлімшелердің басшылары да) кеңес мүшелері көтер­ген мәселелерді шешуге қанша­лық­ты қызығушылық танытады?

ӘМСҚ жанындағы Қоғамдық консуль­тативтік кеңестің төр­ағасы Серік Бектұрғанов бұл кеңес­тің шешімдері өкім беру емес, ұсынымдық сипатта еке­нін түсіну қажет екенін айтады.

– Біз Әлеуметтік медици­налық сақтандыру қоры жауап­кер­ші­лігінен тыс мәселелерді де жиі талқылаймыз. Кейде күрделі мәселелерді шешудің тә­сіл­дерін іздестіру қиын. Бірін­ші ке­зекте зерттеуді қажет ете­тін негізгі мәселелерді, оның ішінде ӘМСҚ қызметіне қатыс­ты мәселелерді қамтитын бекі­тілген жұмыс жоспарына сәй­кес қызмет атқарамыз. Десек те бұл қатып қалған қасаң қағи­да емес. Кейде маңызды мәсе­лелер туындаған кезде жоспар­дан алыстап кетеміз. Қордың жұ­мысы мен денсаулық сақтау жүйе­сін бір-бірінен бөліп қарау­ға болмайды. Алайда кей ұсы­ныс­тарымыз Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорының қызметі шегінен асып түсіп жатады. Сондықтан Денсаулық сақтау министріне Қоғамдық консультативтік кеңес отырысында талқыланған бірқатар проблемаларға назар аударуды сұраймыз, – дейді ол.

Әрине, медициналық сақтан­дыру жүйесінің жұмысы­на қа­тысты әркім әртүрлі пікір­де. Денсаулық сақтау­ды жақ­сартудың алғышар­ты – меди­ци­на саласын қаржылан­ды­ру­дың ұлғаюы. Міндетті ме­ди­циналық сақтандырудың нәти­жесінде тегін дәрі-дәр­мекке, үнемі жетіспей жататын ауруханалардың техникалық жабдықталуына, кадрлармен қамтылуына, жаңа технологияларды енгізуге және басқа да көптеген денсаулық қажет­тіліктеріне қомақты қар­жы аударылуда. Бұл қаражат халыққа көрсетілетін медициналық кө­мек­тің көлемін ұлғайтуға, па­циент­терді қабылдауға, олар­дың қымбат тексерулерден, зерт­­ханалық зерттеулерден өтіп, тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімін көбейтуге мүмкіндік бер­ді, операциялар көптеп жасалуда, оңалту шаралары жандана басталды. Медициналық сақтандыру қаражаты пандемия кезінде адам өмірін құтқаратын «қауіпсіздік жастығына» айналды. Мамандардың айтуын­ша, 2019 жылы Міндетті меди­циналық сақтандыруды енгізу бойынша жұмысты қолға ала бастаған кезде, денсаулық сақ­тау жүйесінің қалыпты жұ­мыс істеуі үшін шамамен 1,5 трлн теңге жетіспеді. Бұл қара­жат денсаулық сақтау объекті­лері­нің жабдықталуын ретке келтіруге қажет болды.

ДДҰ сарапшыларының мәлі­меті бойынша, 2019 жыл­дың соңында МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін халықтың өз қалтасынан жұмсалатын шығындары 700 млрд теңгеден асқан. Яғни егер қандай да бір емханада қажетті құрал-жаб­дық­тар немесе маман бол­маса, онда науқас медици­на­лық қызметтерді ақылы алуға мәжбүр болады. Бұл – меди­ц­ина ұйымдарының жеткі­лік­сіз жабдықталуынан, денсаулық сақтау жүйе­сін тиісін­ше қар­жыландырудың жеткіліксіз­дігінен туатын келеңсіздік.

– Медициналық көмек сапа­сы­ның жақсарғанын сезіну үшін біз азаматтардың денсаулық сақ­тау жүйесіне көбірек қара­жат салуымыз керек. Бұл біз қалағандай жылдам болмаса да, қазірдің өзінде болып жатыр. 2018 жылы сала бюджеті 925 млрд теңгеден асты. Биыл екі есе көп – 1,8 трлн теңгеден астам. Оның ішінде, жарналар мен аударымдар арқылы денсаулық сақтау саласына шамамен 700 млрд теңге түсетін болады, оның 50%-ы жеңілдік санаттары бар азаматтарға арналған мемлекеттік бюджет. 2020 жылдың 1 қаңтарында МӘМС жүйесі іске қосылған­нан бірден ештеңе түбегейлі және сапалы өзгеріп кетпейті­нін атап өткім келеді. Өйткені МӘМС жүйесі енгізілген кезде медициналық мекемелердің, кадр мәселесі, қызметкерлер жағ­дайы, ауруханалар мен ем­ха­налардың жабдықталуы сол соңғы жылдардағы күйінде еді. Сондықтан азаматтардың МӘМС жүйесін енгізгенде және олардың жеке жарналарын шегергенде бәрі күрт жақсарады деген үміттері ақталмады. Ме­ди­цинадағы қаражат жетіс­пеу­шілігі тарифтердің төмендігіне байланысты орын алады, тарифтер 2014 жылдан бері өз­гер­меген, дәрігерлер мен медици­на қызметкерлерінің жалақы­сы төмен, материалдық-техни­калық жабдықталу проблема­лары бар. Сондықтан бүгін­де, негізінен, емхана­лар мен олар­дағы мамандар жағ­дайы МӘМС жүйесі енгізіл­генге дейін қалай болса, әзірге сол күйінде деуге болады. Ал сақ­тан­­дырудан түскен қосымша қара­жат жалақыны көтеруге және ең өткір тапшылық мәсе­ле­лерін шешуге жұмсалды. Мы­салы, былтыр денсаулық сақтау бюджеті 1 трлн 734 млрд теңгені құрады, оның 400 млрд теңгесі (жарналар мен аударымдар) МӘМС жүйесінде көрсетілген ме­ди­циналық қызметтер ақысын тө­леуге жұмсалды. Бұл ретте оның 300 млрд теңгеге жуы­ғы ха­лықтың 15 жеңілдік са­на­ты бар азаматтары үшін мем­ле­кет бюджетінен төленеді. Яғни мін­детті әлеуметтік меди­цина­лық сақтандыруға кете­тін шығын­дардың көп бөлігі әлі де мемлекет есебінен жүргізі­леді деуге болады, – дейді С.Бектұрғанов.

Кеңес төрағасының айтуын­ша, ең әуелі, бүгінде ӘМСҚ стра­тегиялық сатып алушы ретін­де жеткізушілермен меди­ци­­налық қызмет көрсету­ге ке­лісімшарт жасайтынын, сонымен қатар сапа стандарт­тарының сақталуын талап ете отырып, олардан аударылатын қаражаттың сұралатынын атап өткен жөн. Медициналық қауым­дастық бұл туралы бі­леді, азаматтар да білуге тиіс. Қор сақтандыру ұйымы бола оты­рып, емделушілердің құқық­тарын қорғауды өз мойнына алып отыр, азаматтардың ша­ғым­дары мен өтініштерін қарай­ды, демек ол азаматтардың мүд­де­лерін қорғайды. Бұрын меди­циналық қызметтің сапасын мұқият тек­серетін мұндай тетік болмаған.

Медициналық көмектің қол­же­тімділік деңгейі де артып келеді. Былтырдан бастап Ден­саулық сақтау министрлігі Қор­мен бірге жекеменшік емханаларды жүйеге тарту және олардың қызмет аясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ медициналық ұйым­дар диагностикалық қызмет­тердің тарифтерін айтарлықтай көтерді. Тағы бір мысал, емхана­лық және стационарлық қызмет көрсетуге тарифтер шамамен 2014 жылдан бері өскен жоқ. Осы уақыт ішінде коммуналдық қызметтер қымбаттады, жалақы өсті. МӘМС жүйесін енгізген кезде бұл проблемалардың бар­лығы ескерілді. Жағдай жақ­сарып келеді, бірақ ол халық­тың денсаулығына деген қа­жеттілікті толық қанағаттан­дыра қойды деуге болмас. Мұ­ның бәрі қаражаттың жетіспеушілігіне  тіреледі, бұл мәселе кез келген салаға әсер етеді.