Кездесуде әкім спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, ол тек Жамбыл облысының ғана емес, еліміздің намысын абыройлы қорғап, мерейін тасытып жүргенін айрықша атап өтті. «Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі Елдос Сметов деп білеміз. Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге. Сен өзіңнің мықты спортшы екеніңді тағы да дәлелдей түстің. Барша жанкүйерлердің үмітін ақтадың», деді ол.
Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев жамбылдықтардың атынан Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілтін тапсырып, алдағы уақытта да ел спортын дамыту жолындағы елеулі еңбегіне сәттілік тіледі. Ал спортшының жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Кездесу соңында Елдос Сметов өзіне құрмет көрсеткен облыс басшылығына және жерлестеріне алғысын жеткізді.
Жамбыл облысы