Айта кетейік, Голливудтың «Киллер кодексі» фильмі әлемдік прокатқа шыққан болатын. Онда басты рөлдерді Сэмюэл Лерой Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайды. Сонымен қатар фильмді түсіру жұмысына Nomad Stunts тобындағы қазақстандық каскадерлер де қатысқан.
«Жобада, жалпы Nomad Stunts тобының 10 каскадері өнер көрсетті. Айта кетерлігі, каскадерлер экшнге ғана жұмылдырылмай, қиын эпизодтарда басты кейіпкерлер рөлін сомдады. Сондай-ақ эпизодтық сахналарға актер ретінде де қатысты», дейді топ мүшелері.
Қазақстандық актерлер бандиттердің, босқындар мен оққағарлардың, шекарашылар мен бейбіт тұрғындардың рөлінде ойнады. Туынды режиссері «Рояль казиносы», «Зорра маскасы», «Жатжұрттық» сынды фильмдермен жұмыс істеген Мартин Кэмпбелл болды. Түсірілім жұмыстары Румынияда өтті.