Әлем • 24 Тамыз, 2021

16 жастан асқандарға вакцина салу толық мақұлданды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та америкалық Pfizer және немістің BioNTech компаниялары әзірлеген вакциналарды 16 жастан асқан адамдарға салу толық мақұлданды, деп жазады Egemen.kz.

16 жастан асқандарға вакцина салу толық мақұлданды

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің жазуынша, Pfizer вакцинасы АҚШ-та және әлемнің басқа елдерінде белсенді түрде қолданысқа енген. Бірақ Құрама Штаттар бірқатар шектеулер қойып, тек төтенше жағдайда ғана салу жөнінде рұқсат берген.

Содан бері АҚШ-та 200 миллионға жуық адам Pfizer вакцинасын алған. Бұдан бөлек Америкада Moderna және Johnson&Johnson вакциналары салынып жатыр. Жалпы бұл елде 350 миллион адам вакцина алған.

Бірақ соған қарамастан соңғы аптада Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырған адамдардың саны өсіп жатыр. Мұны «дельта» штамының кең тарауымен байланыстырады. Дегенмен вакцина адам өлімін азайтады деп болжанып отыр.