Қазақстан • 24 Тамыз, 2021

Ashyq қатысушылары демалыс күндері жұмыс істейтін болады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел өңірлерінде Ashyq қатысушылары үшін демалыс күндерінде жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ashyq қатысушылары демалыс күндері жұмыс істейтін болады

«Жағдайы тұрақтанған өңірлердегі ведомствоаралық комиссияға демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарауды тапсырамын. Жалпы бақылау Ералы Лұқпанұлының құзыретінде болады», деп тапсырды Мамин Үкімет отырысында.

Жалпы, Премьер-Министр елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, ауру деңгейі біртіндеп төмендей бастағанын айтты.

«Өткен аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болып, қазір 0,93 құрайды. Сонымен қатар Түркістан облысынан басқа барлық өңірлер «қызыл» аймақта қалып отыр. Инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылуы 49 пайызды және реанимациялық төсектер - 46 пайызды құрайды. Барлығы 6,5 миллионға жуық адам бірінші компонентпен егілді, екінші компонентпен 5 миллионнан астам адам егілді. Вакцинация науқанын одан әрі күшейту қажет», деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар