Қазақстан • 24 Тамыз, 2021

Еңбек биржасында 10 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні, яғни 24 тамызда Е-еңбек биржасында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 10 503 бос жұмыс орны бар, елордада жұмыс іздеушілер 5 мыңнан астам түйіндеме жіберді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еңбек биржасында 10 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Жұмыс берушілер күзетшілер мен үй-жайларды жинаушылар үшін 42500 теңгеден бастап, авиация инспекторлары мен IT-жобалар менеджерлері үшін 600 мың теңгеге дейін жалақы ұсынады.

Электрондық еңбек биржасында сіз тұрақты жұмыс туралы 3 мыңнан астам жарнаманы таба аласыз, шамамен 600 – уақытша, 14 – маусымдық және 8 – қашықтан.

Бүгінде елордада сұранысқа ие мамандықтар тізіміне: медициналық бике/аға, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, сату жөніндегі менеджер, күзетші, жүк автомобилінің жүргізушісі, машинист, ас үй жұмысшысы, сатушы, аспаз, слесарь-жөндеуші, бухгалтер, токарь, автомобиль жүргізушісі, әкімші және т.б. кіреді.

Үш жыл бұрын диплом алған ЖОО түлектері алған мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе алу үшін жастар практикасынан өте алады. Ұзақтығы – алты айдан аспайды. Ай сайынғы жалақы 25 АЕК құрайды. Enbek.kz сайтында «Жастар тәжірибесі» санатында 300 бос жұмыс орны ұсынылды.

«Қоғамдық жұмыстар» бағыты бойынша 138 бос жұмыс орны бар. Бұл жұмыс орындары алдын ала кәсіби дайындықты қажет етпейді. Елорданың халықты жұмыспен қамту орталығы қала тұрғындарын уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы қоғамдық жұмыстарды ұсынады. Ұзақтығы: 12 айдан аспайды, жалақысы кемінде 2 ЕТЖ (ең төменгі жалақы) мөлшерінде (жалақы – 85 000 теңге, қолға – 73 100 теңге).

Жұмысқа орналастыру бойынша сайтта тағы 20 бос жұмыс орнын «әлеуметтік жұмыс орындары» бағыты арқылы табуға болады. Оларды жұмыс беруші табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелерін, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарды және халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы басқа да адамдарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып құрады. Ұзақтығы: 12 айдан аспайды. Ай сайынғы субсидия мөлшері белгіленген жалақы мөлшерінің 35%-ын құрайды.