Токиода дәстүрлі Олимпиада алауын беру эстафетасы өтті. Ашылу салтанатының тақырыбы ретінде «Біздің қанатымыз бар» ұраны таңдалды. Одан кейін Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына орай шеру өтті, оған 5 мың атлет қатысты.
«Паралимпиадада Қазақстан атынан спорттың жеті түрінен 25 спортшы бақ сынайды. Паратхэквондодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен өткен Паралимпиада-2016 күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ту ұстаушылар атанды», делінген хабарламада.